Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының  облыстық психологиялық-медициналық- педагогикалық консультацияның қызмет тәртібі:

 

     ПМПК-да мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:
      1) алдын ала жазылу журналына тіркелу – 15 минуттан аспайды;
2) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар пакетін тапсырған  және алғашқы психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеру және консультация беру сәттен бастап, психологиялық-медициналық- педагогикалық тексеруді күту – күнтізбелік 30 күн;
3) алғашқы психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеруді өткізу – 1 (бір) сағат;
4) көрсетілетін қызметті алушының көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар пакетін тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минуттан аспайды.
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.
Көрсетілетін қызметтің нәтижесі ұсынылатын оқыту, медициналық және әлеуметтік қызметтерді, білім беру бағдарламасының нысаны көрсетілген мемлекеттік жазбаша қорытынды болып табылады.

 

Облыстық ПМПК-ның  жұмыс кестесі:

Қазақстан  Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі – жұма аралығында және Министрліктің www.edu.gov.kz интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде көрсетілген белгіленген жұмыс кестесі бойынша. Өтініш қабылдау және нәтижесін беру белгіленген жұмыс кестесі бойынша сағат 09.00-ден 17.30-ға дейін атқарылады.
Телефон және/немесе тікелей жүгіну арқылы алдын ала жазылу қарастырылған(45-38-10,43-41-11).
       ПМПК-ға  жүгінген  кезде  мемлекеттік  қызмет  көрсету үшін      қажетті құжаттардың тізбесі:
1) туу туралы куәліктің көшірмесі (тексеру үшін түпнұсқасы);
2) бар болса – мүгедектігі туралы қорытындының көшірмесі;
3) денсаулығына байланысты үйде оқыту қажеттілігі туралы дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы (үйде оқитын балалар үшін).
Қажет болған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші тереңінен тексеру үшін мынадай құжаттарды қосымша сұратады:
1) денсаулық сақтау ұйымының алғашқы медициналық құжаттама нысандары: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) № 112/у «Баланың даму тарихы» нысаны, № 027/у «Амбулаториялық, стационарлық науқастың медициналық картасынан көшірме» нысаны;
2) білім беру ұйымынан психологиялық-педагогикалық мінездеме;
3) оқыту тілі бойынша, математикадан жазба жұмыстары, суреттері  және іс-әрекетінің басқа да нәтижелері.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *