Күні кеше мекемемізде Қордай аудандық Психологиялық-педагогикалық түзету мекемесінің мамандары өздерінің авторлық жобаларының таныстырылымын өткізді. Авторлық жоба “НЕЙРОӘЛІППЕ” деп аталады. Яғни даярлық сыныбындағы және ерекше білімді қажет ететін балаларға арналған Әріптерді тануға, жеңіл оқуға және жазуға арналған арнайы-қарапайым тапсырмалар жинақталған кітапша. Бұл кітапшаның ерекшелігі баланы тек оқып, жазуға емес сонымен қатар танымдық қабілеттерін, есту, есте сақтау, сөйлеу дағдыларын дұрыс қалыптастыру бағытында жасалған. Семинарға аудандық түзету кабинеттерінің, оңалту орталығы, мектеп-интернаттарының т.б. дефектолог, логопед мамандары қатысты… Семинарда НейроӘліппенің мазмұны мен мақсаты, тапсырмалардың орындалу реті мен маңыздылығы туралы айтылып, практика жүзінде көрсетілген видеоматериалдар көрсетілді.
Leave a Reply