Облыстық ПМПК-да диагностикалық тексеру мен кеңес беруді төмендегі мамандар жүзеге асырады:

педагогикалық қызметкерлер (психолог, логопед, дефектолог (олигофренопедагог, сурдопедагог, тифлопедагог), әлеуметтік педагог;

медициналық қызметкерлер (невропатолог-дәрігер, психиатр-дәрігер,  офтальмолог-дәрігер), медициналық статист.

Облыстық ПМПК-нің қызметі:

1) туылғаннан 18-гe дейiнгi балалардың, оның ішінде психофизикалық жағдайларының скринингі нәтижелері бойынша денсаулық сақтау ұйымдары жіберген  ерте жастағы балалардың психофизикалық бұзылуларын анықтау мақсатында, психологиялық-медициналық-педагогикалық тексереді;

2) мүмкіндіктері шектеулі балаларды тәрбиелеу және оқыту мәселелерi бойынша олардың ата-аналарына (заңды өкілдеріне), білім беру ұйымдарының педагогтарына кеңестік көмек көрсетеді;

3) әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау көрсеткіштерін айқындау, жеке оңалту бағдарламасын құрастыру бойынша кеңес береді;

4) мүмкіндіктері шектеулі баланың білім беру бағдарламасының түрін анықтайды;

5)  мүмкіндіктері шектелуі балалардың есебін жүргізеді және олардың арнайы білімдік және әлеуметтік қызметке мұқтаждығы туралы есебін қалыптастырады;