Психологиялық–медициналық-педагогикалық консультациясы-арнайы білім беру ұйымы болып табылады және даму мүмкіндігі шектеулі балалардың диагнозын белгілеу, оларды оқыту мен тәрбиелеудің лайықты жағдайларын анықтау, әлеуметтік, медициналық-педагогикалық, түзету көмегін көрсету, оңалтудың жеке бағдарламасын жасау көрсеткіштерін нақтылау мақсатында психологиялық – медициналық-       педагогикалық тексерулер жүргізеді.

  Қазақстан Республикасының «Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы  қолдау туралы» Заңына сәйкес облыс әкімиятының 25.01.2005 жылғы №9 Қаулысымен Жамбыл облысы әкімияты  білім еру департаментінің «Жамбыл облыстық ведомствоаралық психологиялық – медициналық-       педагогикалық консультациясы» мемлекеттік мекемесі болып құрылды.Облыстық ПМПК құрылғаннан бері20280даму мүмкіндігі шектеулі бала тексеруден өткізілсе, 8500ата-аналарға кеңес берілді. Сонымен қатар,облыстағы арнайы түзету мекемелерімамандары мен жалпы білім беретін мекемелер педагогтарына әдістемелік көмек көрсетеді.