Даму мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арнайы білім беру ұйымдарының түрлері қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 04 шілдедегі № 258 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 19 тамызда № 8629 тіркелді
«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 44-5)-тармақшасына, «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» 2002 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына, «Тиісті үлгідегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын, оның ішінде балаларға арналған қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 17 мамырдағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 499 қаулысына сәйкесБҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Даму мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арнайы білім беру ұйымдарының түрлері қызметінің үлгілік қағидаларыбекітілсін.
2. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Мектепке дейінгі және орта білім департаменті (Ж.А. Жонтаева):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде белгіленген тәртіпте мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Білім және ғылым вице-министрі М.А. Әбеновке жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр Б. Жұмағұлов
«Келісілді»
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі
__________ С. Қайырбекова
2013 жылғы 22 шілде
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2013 жылғы 4 маусымдағы
№ 258 бұйрығымен бекітілген
Даму мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арнайы білім беру
ұйымдары түрлері қызметің үлгілік қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Даму мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арнайы білім беру ұйымдары түрлері қызметінің үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Үлгілік Қағидалар) Қазақстан Республикасының «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі және «Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» 2002 жылғы 11 шілдедегі заңдарына сәйкес әзірленді және «Назарбаев зияткерлік мектебі» дербес білім беру ұйымын қоспағанда, меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан даму мүмкіндіктері шектеулі балаларға арналған арнайы білім беру ұйымдары қызметінің тәртібін айқындайды.
2. Осы Үлгілік қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
арнайы білім беру ұйымы – бұл мүмкіндігі шектеулі балаларға арнайы жағдайлар жасауды, техникалық құралдармен, сондай-ақ медициналық, әлеуметтік қызмет көрсетулерді, оқыту мен тәрбиелеудің арнайы бағдарламалары мен әдістерін, диагностикалау мен консультация беруді қамтамасыз ететін білім беру ұйымы;
даму мүмкіндігі шектеулі бала – бұл Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгіленген тәртіпте тұқым қуалаушылығына, туылғанына, жүре пайда болуына байланысты өмір әрекетінде белгілі бір шектеулігі бар психикалық және дене дамуында ауытқушылығы бар балалар.
арнайы мектепке дейінгі ұйымдар Мемлекеттік жалпыға міндетті мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту стандартына, арнайы бағдарламаға сәйкес бір жастан бастап мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеуді, оқытуды, дамытуды, қарауды, күту мен сауықтыруды қамтамасыз етеді.
арнайы бастауыш, негізгі және жалпы орта білім беру ұйымдары (бұдан әрі – арнайы мектеп) Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру бағдарламаларының негізінде әзірлеген арнайы бағдарламаларын іске асырады.
Үлгілік қағидалар мектепке дейінгі ұйымдардағы арнайы топтарға және жалпы білім беретін мектептердегі арнайы сыныптарға таратылады.
3. Арнайы ұйымдардың негізгі міндеті:
1) баланың денсаулығы мен өмірін сақтау;
2) баланың психикалық ерекшеліктерін есепке ала отырып кешенді емдеу, түзету мен әлеуметтік бейімдеу, тәрбиелеу мен оқыту үшін жағдайлармен қамтамасыз ету;
3) мүмкіндігі шектеулі балаларға жеке кешенді түзете қолдау көрсету;
4) баланың психикалық және дене дамуын түзету;
5) әлеуметтік бейімдеу мен кіріктіруге ықпал ететін қызметтің компенсаторлық амалдарын қалыптастыру;
6) мектеп алды даярлықтың тең мүмкіндіктерін қамтамасыз ету;
7) тамақпен және медициналық қызмет көрсетумен қамтамасыз ету, денсаулығын сақтау мен нығайтуды қамтамасыз ету;
8) балаларды тәрбиелеу, оқыту дамыту және денсаулықтарын сақтау мәселелері бойынша ата-аналарға консультациялық және әдістемелік көмек көрсету болып табылады.
4. Арнайы білім беру түрлеріне:
1) көру қабілеті бұзылған балаларға арналған мектепке дейінгі арнайы ұйым;
2) есту қабілеті бұзылған балаларға арналған мектепке дейінгі арнайы ұйым;
3) сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған мектепке дейінгі арнайы ұйым;
4) тірек-қозғалыс аппараты бұзылған балаларға арналған мектепке дейінгі арнайы ұйым;
5) зерде бұзылыстары бар балаларға арналған мектепке дейінгі арнайы ұйым;
6) психикалық дамуы тежелген балаларға арналған мектепке дейінгі арнайы ұйым;
7) көру қабілеті бұзылған балаларға арнайы мектеп;
8) есту қабілеті бұзылған балаларға арнайы мектеп;
9) сөйлеу тілі бұзылған балаларға арнайы мектеп;
10) тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арнайы мектеп;
11) зерде бұзылыстары бар балаларға арнайы мектеп;
12) психикалық дамуы тежелген балаларға арнайы мектеп;
13) арнайы кешенді «мектеп – балабақша»;
14) психологиялық-медициналық-педагогтік консультация;
15) оңалту орталығы;
16) психологиялық-педагогтік түзету кабинеті жатады.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *