Аутизм бұзылымдары бар балалармен жүргізілетін диагностикалық-консультациялық кезеңнің міндеттері:
- баланың даму ерекшеліктерін, күшті жақтары мен проблемалары туралы ата-ана пікірін және көзқарасын анықтау;
- отбасының қажеттіліктерін анықтау;
- баланың даму тарихын нақтылау үшін медициналық және әлеуметтік психологиялық анамнез мәліметтерін жинау;
- баланың ересектермен байланыс, қарым-қатынас және өзара әрекеттесу деңгейі мен мүмкіндіктерін анықтау, қол жетімді қарым-қатынас құралдарын бағалау (сөзсіз және сөзбен);
- стереотиптік әрекеттердің, қызметтің және мінез-құлықтың ерекшеліктері мен сипатын анықтау, олардың функцияларын нақтылау:сергітетін (аутостимуляторлық) , қорғайтын, бақылайтын, өтемдік;
- сенсорлық, моторлық, ақыл-ой және сөйлеу дамуының деңгейі мен ерекшеліктерін, сондай-ақ, оның жасына тән әрекеттерді (пәндік,ойын) анықтау;
- проблемалық мінез-құлықтың себептері мен сипатын анықтау: айқын алаңдаушылық, қорқыныш, теріс қылық, озбырлық;
- аутизмнің ауырлық дәрежесін және аутизмді қорғау тәсілдерін анықтау.
Педагог-психолог: Жылысбаева И.Ж.
Leave a Reply